20 мам, 2024 сағат 17:13

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады

Сурет: Pixabay

Биыл маусымда қазақстандықтар тағы бір күн демалады – 2024 жылдың 17 маусымында ел тұрғындары Құрбан айтты атап өтеді.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, мереке және демалыс күнтізбесінде 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні дүйсенбіде, 17 маусымда болады деп белгіленген. Бұл мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, келесі жұмыс күніне ауыстырылмайды, бірақ жұмыс күніне түсіп қалса, мерекелі күн демалыс күні болып саналады. Осылайша Қазақстан тұрғындары негізгі демалыс күнінен бөлек биыл маусымда қосымша демала алады.