28 там, 2017 сағат 12:49

Қазақстандықтар осы аптада төрт күн демалады

Қазақстандықтар осы аптада төрт күн демалады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

30 тамызда қазақстандықтар жұмыс істемейді, себебі бұл күні - ҚР Конституция күні, ол сәрсенбіге түседі. Ал 31 тамыз - жұмыс күні. 

Ары қарай тағы бір мереке күні - 1 қыркүйек. Күздің бірінші күнінде қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін тойлауды бастайды. Ал 2 және 3 қыркүйек қарапайым демалыс күндері - сенбі және жексенбі. 


Еске салайық, 2017 жылы мерекелік күнге байланысты демалыс күндерін ауыстыру тек Наурыз бен Астана күніне ғана өзгертілді. 

1 қыркүйекте Қазақстан халқы дәстүрлі түрде Білім күнін тойлайды, алайда бұл күн ресми түрде демалыс күні болып тағайындалмаған.