20 қар, 2022 сағат 16:16

Қазақстандықтардың 62 пайыздан астамы өз таңдауын жасады


Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтардың 62,34 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 73,57,

Ақмола облысы бойынша – 71,38,

Ақтөбе облысы бойынша – 68,81,

Алматы облысы бойынша – 55,11,

Атырау облысы бойынша – 60,87,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62,

Жамбыл облысы бойынша – 68,74,

Жетісу облысы бойынша – 68,88,

Қарағанды облысы бойынша – 71,89,

Қостанай облысы бойынша – 71,38,

Қызылорда облысы бойынша – 72,88,

Маңғыстау облысы бойынша – 59,61,

Павлодар облысы бойынша – 72,73,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21,

Түркістан облысы бойынша – 80,09,

Ұлытау облысы бойынша – 72,75,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42,

Астана қаласы бойынша – 44,39,

Алматы қаласы бойынша – 26,19,

Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайыз.

Анастасия Щегорцованың дерегін сәйкес, 16-00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 450 195 азаматы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 62,34 пайызын құрайды.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылған.

Бұл сайлауда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.