Фото: Pexels.com
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылы бес араб елінен келген туристер саны 62%-ға өсті, деп хабарлайды Ult.kz.
- - Оманнан келгендер саны 80%-ға артып, 15 мыңнан асты;
- - Біріккен Араб Әмірліктерінен келген туристер 40%-ға көбейіп, 14,7 мың адамға жетті;
- - Сауд Арабиясынан 9 мыңнан астам турист келген (өсім — 47%);
- - Қатардан келгендер саны 1,5 есеге артты;
- - Бахрейннен келгендер саны 4 есеге артқан.
Туристер ағынының ұлғаюына БАӘ азаматтары үшін енгізілген визасыз режим, ірі қалалар арасындағы тұрақты әуе рейстері және халықаралық көрмелерге белсенді қатысу ықпал етті. Бұл шаралар Қазақстанның саяхат үшін тартымды бағыт ретіндегі имиджін күшейтіп отыр.
Айта кетсек, 2023 жылы TravelScapes басылымы Қазақстанды Таяу Шығыс саяхатшылары үшін ең үздік бағыттардың бірі деп таныған болатын. Биыл Ораза айт мерекесінде Қазақстан араб елдерінен келген туристер үшін ең танымал бағыттардың қатарынан көрінді.