"Қазақтелеком" АҚ білім беру саласына цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда. Түркістан облысының екі мектебінде: Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы О. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында және Түркістан қаласындағы С. Рахимов атындағы орта мектепте сәтті іске асырылған AQYLDY MEKTEP ("Ақылды мектеп") пилоттық жобасы аясында цифрлық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған озық телекоммуникациялық және IT-шешімдер орнатылды.
Жоба трафигі іріктелген интернеттен тұратын, жасанды интеллект элементтері бар Wi-Fi-мен қамтылған, бейне аналитика жүйесін және дабыл түймесін қамтитын кешенді цифрлық экожүйе. Бұл шешім желі ресурстарына тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.
"Қазақтелеком" АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның мамандары Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етті (500 Мб/с); Wi-Fi қамту саны – 23 нүкте Wi-Fi Target; ғимаратта 117 нүктеге жергілікті желі жүргізді; 29 бейнебақылау камерасын, оның ішінде 14 данасын қосымша аудиожазбаны тіркеу функциясымен орнатып, іске қосты. Сондай-ақ информатика кабинеттерінде деректерді 30 күндік сақтаумен аудио-және бейнетіркеу жүйесі енгізілді, бұл оқу үдерісіне қашықтан мониторинг жүргізуге және бақылау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Инженерлік құрамның 4 бригадасы жұмылдырылды. Жұмыстар уақытында орындалды. Біз тек техникалық қосуды ғана емес, сонымен бірге оқушылар мен оқытушылар үшін сапалы цифрлық орта құруға тырыстық", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ КБД Оңтүстік телекоммуникация желісін дамыту орталығының бастығы Алмас Есмағамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, осындай жобалар Атырау, Қонаев қалаларының мектептерінде және Алматы облысының Арна ауылында жүзеге асырылған болатын.
Мектеп инфрақұрылымын белсенді цифрландырғаны үшін "Қазақтелеком" АҚ Басқарма мүшесі, Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның бас директоры Әлібек Индыкбаев алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, компания Берлинде "ТМД елдеріндегі аймақтық телекоммуникация операторы 2024"
номинациясы бойынша беделді CC-GlobalAwards сыйлығын жеңіп алып, халықаралық мойындауға ие болды.
"Қазақтелеком" Қазақстанның зияткерлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, жаһандық трендтерге ілесуді жалғастыруда.
