13 қыр, 2023 сағат 17:42

"Хабар" агенттігінің төрағасы тағайындалды

Сурет: gov.kz

Кемелбек Ойшыбаев "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, ол Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Берік Уәлидің орнына келді. 

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.

2001 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2019 жылғы маусымнан бастап 2020 жылға дейін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.

2020 жылғы маусымнан 2022 жылғы 28 қаңтарға дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.