«Қазақтелеком» АҚ «Тазарту» жобасы аясында өңірдегі ескірген мыс желілерінен талшықты-оптикалық байланыс желісіне ауыстыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Осы орайда Қонаев қаласы еліміздегі мыс желісінен арылған үшінші қала және бірінші облыс орталығы болды. Облыс орталығы толықтай талшықты-оптикалық байланыс желісіне ауыстырылды.
Қонаев қаласы бойынша жобаны жүзеге асыру барысында ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылды:
11 200 метр магистральды оптикалық кабель тартылды
65 900 метр тарату желісінің оптикалық кабелі жүргізілді
255 дана темір-бетон бағаналары орнатылды
1200 метр телефон канализациясы салынды
№19 ықшамауданда бір ОРШ орнатылды
АТС-ке 1 оптикалық кросс (384 порт) қойылды
300 дана ОРКсп 1*8 бөлгіш орнатылды
48 дана оптикалық муфта құрылды
Сонымен қатар, 6 МАД және 5 ОРШ базасында 1800 абонент мыс желісінен оптикаға ауыстырылды. Нәтижесінде 6 МАД толықтай босатылды.
Бұл жұмыстар Қонаев тұрғындарына сапалы әрі жоғары жылдамдықтағы интернет қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Талшықты-оптикалық байланыс – тек қазіргі заманғы талап қана емес, болашақтың тұрақты инфрақұрылымы.
«Қазақтелеком» АҚ алдағы уақытта да өңірлерде «Тазарту» жобасын жалғастырып, халыққа заманауи әрі сенімді байланыс қызметін ұсынуды жалғастырады.
