Фото: beton studio / Shutterstock / Fotodom
Тараз қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Ult.kz.
«Астана» арнасының мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. Полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Audi көлігін тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда жүргізуші талапқа бағынбай, қашып кетуге тырысқан.
Кейін көлік бағанға соғылып, салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімнің ата-анасы да жауапқа тартылатыны айтылды.
Жарақат алған екі жасөспірім дәрігерлердің бақылауында. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мәліметінше, олардың бірі жеңіл жарақат алып, амбулаторлық бақылауға жіберілген. Екіншісіне ота жасалып, жағдайы тұрақты деп бағалануда.
