04 сәу, 2024 сағат 12:38

Корей косметикасының экспорты рекордтық деңгейге жетті


Оңтүстік Кореяның косметикалық өнімдер экспорты 2024 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 20%-дан асты, деп жазады Yonhap.

Корея кеден қызметінің мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Кореяның косметика экспорты қаңтар-наурыз кезеңінде 2,3 миллиард доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға көп.

Бұл – осы кезге дейінгі барлық бірінші тоқсандардағы ең жоғары деңгей.

Бірінші тоқсанда тауарлардың басым бөлігі Қытайға жөнелтілді. Ондағы экспорт 610 млн долларға жетті. Одан кейін АҚШ – 380 млн доллар, Жапония 240 млн доллар және Вьетнам 150 млн доллар көрсеткішке ие болды.
Деректерге сүйенсек, осы уақыт аралығында Оңтүстік Корея косметикасы әлемнің 175 елінде сатылған.