24 мау, 2019 сағат 11:07

Қорғаныс министрі Арыс қаласына аттанды

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасы жарылған Арыс қаласына аттанып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев орын алған жайттың мән-жайын өзі анықтап, шаралар қабылдау үшін оқиға орнына аттанып кетті», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бүгін  Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да  жарылыс болды.  

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін мәлімдеді. Тоқаев Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.