26 шіл, 2016 сағат 16:11

Көзді байлауға болады, сөзді байлауға бола ма?

Өркениетті елдердегі өзге ұлт өкілдері бірнеше тіл білетіндіктерін мәртебе санаса, біздегі жаңа қазақтардың басым көпшілігі өз ана тілін білмейтіндіктерін мақ­таныш көреді.

***

Бастық болған қазақтың байымайтыны кемде-кем. Оған, әрине, қасында жүрген кедейлердің өздері кінәлі

***

Бұрынғылар ханға «дат» дейтін. Сол кезде хан: «Датың болса, айт!» деуші еді. Қазір сол «датың болса, айт» деудің орнына «түрмеге жап!» деуге бейімделіп барамыз ба, қалай өзі...

***

Тәуменді зиялылардан тәуелсіз идея тумайды.

***

Әркімге еліктей берсек, қазақтығымыздан түк қалмайды.

***

Ақыл да ақша секілді – орнымен жұмсағанды сүйеді.

***

Өзгені жеңу – мықтылық, өзіңді жеңе білу – құдірет.

***

Басшының өзімшілдігі өмірді қиындатады.

***

Халықтың пікірімен санаспаған ханның бағы қайтады.

***

Оянбаған қазақ күрескер бола алмайды.

***

 Жеті атасын білмегені үшін жетімдер кінәлі емес.

***

Бассыз берген мал – мазақ.

Бақсыз берген тіл – мазақ.

***

Қарызға батқан елдің ұр­пақтары қор болады.

***

Ұлттық сана-сезімін жоғалтқан ұлт құриды.

***

Жағымпаздары оттаған емес, жасампаздары қаптаған қоғамда өмір сүргім келеді.

***

Зиялылар көп-ақ, бірақ зияндылар одан да көп.

***

Ауру басқа көп ақылдың керегі жоқ.

Болат Шайманұлы, ардагер журналист, заңгер.

Алматы.

Дереккөзі: «Жас Алаш» газеті