Астана қаласында көру қабілеті нашар жандар мен көру қабілеті қалыпты адамдар арасындағы шекераны жою мақсатында “Көзге көрінбейтін әлем” атты фотокөрме өтіп жатыр, -деп хабарлайды Ult.kz.
Көрме алғаш рет Ұлыбритания астанасы Лондонда өткізіліп, кейін әлемнің бірқатар қалаларында өтіпті. Ал, елімізде осыған дейін Алматы қаласында 24 қыркүйек пен 24 қазан аралығында болып өткен екен.
Көрменің жалпы мақсаты бәсекеге қабілетті қазақ өнерін дамыту, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды көпшілікке жеткізу және көру қабілеті нашар жандарды қоғамда тең құқылы болуын дәріптеу. Бұл туралы көрме ұйымдастырушылары айтып өтті.
«Көрменің жалпы мақсаты көру қабілеті шектеулі жандар мен көру қабілетінде ақау жоқ жандар арасындағы шекараны алып тастау. Осы мақсатта көрмеге он екі суретті алып келдік. Көру қабілеті қалыпты адамдарға көруінде ақауы бар жандардың өмірін сезінуге осы суреттер мүмкіндік береді. Әр суреттің өзіндік тарихы бар», – дейді шараны ұйымдастырушы Canon компаниясының менеджері Алмат Рысқали.