18 жел, 2024 сағат 13:57

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынады


Фото: Ақорда

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық Экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасын әзірлеген кезде Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты елдердің тәжірибесі негізге алынғанын айтты, деп хабарлайды  Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Заң жобасының мынандай негізгі жаңашылдықтар бар:

- Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру;

- Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарын ішінара бюджеттен өтеу;

- Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау.

- Кесенені қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан жүз метрлік қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді. Мемлекеттік әлеуметтік объектілерді салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын алу және беру бойынша қала әкімдігіне құзырет беру ұсынылып отыр, - деді вице-премьер.

Бұған дейін Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқаны туралы мәлімет тараған еді.