16 қаң, 2024 сағат 12:35

Қызылордалық екі мұғалім Түркиядағы демалыстан кейін жұмыссыз қалды

Фото: © astanatv.kz

Қызылорда облысының мұғалімдері Түркиядағы демалыстан кейін жұмыссыз қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

БАҚ жазғандай, қысқы демалысын Түркияда өткізген мұғалімдер трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барып, ол туралы әлеуметтік желілерде видео жариялаған.

Желідегі шудан кейін олар жұмыстан шығарылды. Бұл шешімді Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов түсіндірді.

Ол этикалық нормаларды сақтау мұғалімдердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қалыпты сипаты болуы керектігін айтты.

"Қысқы каникулда Түркиядағы түнгі клубта демалып жатқан Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желіде жариялаған видеолары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Мұғалімдер жұмыстан босатылды", - деп түсіндірді ол.

Дәуенов сондай-ақ барша ұстазды моральдік-адамгершілік құндылықтар талабына сай болуға шақырды.