20 қар, 2025 сағат 13:02

Луврдағы ұрлықтан кейін 100 бейнебақылау камерасы орнатылатын болды

Фото: Яндекс

Лувр мұражайы қауіпсіздік шараларын күшейтпек. Бұған өткен айда қымбат зергерлік бұйымдардың ұрлануы себеп, деп хабарлайды Ult.kz.

Мұражайға 2026 жылдың соңына дейін 100 бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ полиция бекеті ашылмақ.

Еске салсақ, 19 қазан күні таңертең қылмыскерлер 7 минут ішінде құны 88 млн еуро болатын зергерлік бұйымдарды қолды қылған. Бір аптадан кейін бірнеше күдікті қамауға алынды.