06 қар, 2025 сағат 11:15

Махмұд Сабырхан отбасылық драма ортасында: екінші әйелі бәрін жайып салды

Фото: ашық дереккөз

Жұрттың назары боксшы Махмұд Сабырханның отбасына ауды. Былтыр ғана үйленген спортшы биыл екінші рет үйленіп, жұртшылықтың сынына ілікті, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқырмандардың айтуынша, бірінші әйелі Назым Мырзағалиқызы бір апта бұрын ғана спортшының баласын дүниеге әкелген.

Алайда жаңа қалыңдықтың айтуынша, ажырасуға Назымның әкесі себеп болған. Ол спортшыға ауыр сөздер жазған.

«Махмұд отбасын құрып, ажырасамын деп ойлаған жоқ. Маған бәрін ашық айтты. Назымның өзі кеткісі келген. Махмұд түсіндіруге тырысқанымен, ол тыңдамаған. Тіпті, Махмұд Назымның әкесіне де: “Қызыңыз кетемін деп жатыр, қой демейсіз бе?” — деп айтқан екен. Соңында папасы осылай жазып жіберіпті», — дейді ол.


Боксшының екінші әйелі бөліскен скриншотта Назымның әкесі күйеу баласынан талақ айтуын сұраған хабарлама бар.

«Болды, талағыңды бер де, өміріне араласпа», — деп жазылған онда.