21 қар, 2022 сағат 10:31

Мәскеуде өрт салдарынан жеті адам көз жұмды



Мәскеу орталығында болған өрттен жеті адам көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі Ресей төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Тергеушілер қоймадағы тауарлар талапқа сай сақталмағанын анықтады.
20 қарашада Комсомол алаңындаңы екі қабатты ғимараттың қоймасында өрт шықты. Ғимараттан жеті адам эвакуацияланды.