15 қаң, 2024 сағат 15:31

Майқайыңда автобус шахтаға құлаған сәттің видеосы пайда болды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайың алтын" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. Оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.


Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар бар автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі шығарылмағаны хабарланды. 

видео: M NEWS арнасы / Youtube