29 қаң, 2024 сағат 10:15

Мектеп оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

© AFP 2023 / TOBIAS SCHWARZ

Қазақстанда бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Еліміздің мектептерінде 8 қаңтарда 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.

Бұл ретте, 1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі" - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүлдіршіндерге үшінші тоқсанда бір апта қосымша демалыс жыл сайын беріледі. Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.