11 сәу, 2026 сағат 15:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда

Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.