21 қаң, 2022 сағат 19:45

Мемлекет басшысы Ресей және АҚШ-пен келісімдерді ратификациялады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықаралық келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап

Мемлекет басшысы:

  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
  • «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.