13 ақп, 2024 сағат 17:00

Мемлекеттен тегін 10 сотық жер алдым — Желі пайдаланушысы сүйінші жаңалығын бөлісті


Әлеуметтік желі қолданушысы Гүлжәмилә Сәрсенбайқызы үкіметтен 10 сотық жер алу кезегіне тұрып, жылдар өте діттеген мақсатына жеткенін айтты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" хабарлайды.

Айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық 10 соттық жер алуға электронды түрде өтінім бере алатын мүмкіндік жасауды тапсырған сәтте-ақ, ол өтінім тастаған. Өзімен қоса, ағайын-туыс бәрінің атынан жан-жаққа жер алуға кезекке тұрғызған.

Бір адам 5 жерге дейін кезекке тұруға болады, қайсыбірінің кезегі бірінші келеді содан алады да, қалған кезектен автоматты түрде шығарылады деген соң, елдегі үлкен 3 мегополискке кезекке тұрдым да, содан қалғанын, ойлана келе, айдаладағы бір ауылға өтінім тастаған едім, - дейді Сәрсенбайқызы.


Осылайша қыз Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Көлқұдық елді мекенін белгілеген. Бұл жер марқұм әкесінің туған жері екен. Айтуынша, 2 жыл бұрын тоғызыншы болған кезегі биыл жетіп, мәре-сәре болып жатқан көрінеді. 

"Енді әкемнің өскен ауылында менің де үйім болады. "Айтылды-орындалды" дегеннің мысалы болып отырмын ғой, құрметті Ақорда! Осыдан-ақ біле беріңіз Түркістан облысы әкімдігіне қарасты аудан әкімшіліктері қалай тапсырманы орындайтынын. Ендігі мәселем - үйді кірпіштен тұрғызайын ба, әлде шлактан ба, цемент нешеден болып жатыр екен?", - деп мақтады қыз.