27 там, 2017 сағат 09:10

Мейвезер МакГрегорды нокаутпен жеңді (Видео)

Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өткен бокс кешінде Флойд Мейвезер оныншы раундта айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Спортсүйер қауым асыға күткен америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер (кішісі) мен ирландиялық UFC жұлдызы Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек аяқталды. Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өткен бокс кешінде Флойд Мейвезер оныншы раундта айқын жеңіске жетті.

Бірінші раундтан бастап Конор алға ұмтылып, америкалық боксшы өзіндік жұдырыстасу стиліне (қорғану) басты. Ирландиялық спортшының қарқыны төртінші раундтан кейін басылып, Флойд Мейвезер шабуылда ширақ қимылдай бастады.

Конор МакГрегор қалай болса да сәт сайын соққы жасап қалуға тырысумен болды. Бокс ережесіне сәйкес келсе де, келмесе де қамданып бақты. Тәжірибелі Мейвезер қарсыласының шабуылынан сытылып шығып кетумен болды. Ал кәсіпқой бокс шаршы алаңына алғаш рет шыққан Конордың соңғы раундтарда шаршап қалғаны айқын байқалды. Тоғызыншы раундтағы америкалық боксшының соққылары қарсыласын есеңгіретіп, оныншы раундта Мейвезер техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.