06 қаз, 2023 сағат 18:47

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрларда тағы бір апта көрсетіледі

Фото: Murat Yeszhan/Facebook

Ел кинотеатрларында көрсетілімге шыққан 6 сериялы «Міржақып. Оян, қазақ» сериалының ықшамдалған нұсқасының прокаты тағы бір аптаға ұзартылды. Бұл туралы кинотуындының режиссері Мұрат Есжан хабарлады.

«Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, «Міржақып. Оян, қазақ» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық. Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар», — деп жазды ол Facebook парақшасында.  

Режиссердің айтуынша, аталған фильм 100% мемлекеттік бюджетке түсірілген.

Айта кетсек, бұған дейін желіде «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі көрсетілімнен алынып тасталды деген ақпарат тараған еді.