Фото: ҚР МАМ
Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Қаралы хабарға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ барша қазақ жұртына көңіл айтты.
Мұхтар Шаханов – қазақ поэзиясына жаңа тыныс әкеліп, азаматтық ұстанымды шығармашылығымен ұштастыра білген бірегей тұлға еді. Оның терең мазмұнға құрылған өлеңдері ұлттық руханияттың алтын қорынан орын алды.
Ақын өз шығармаларында ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді позиция танытып, ел мен жер тағдырына қатысты өткір пікірлерімен ерекшеленді. Ол әрдайым әділеттілік пен ұлттық мүддені қорғауда табандылық көрсетті.
Министрлік өкілдері Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы мен ел алдындағы адалдығы халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
