30 сәу, 2025 сағат 13:39

Нағыз дапанджи тағамын жасаудың 12 қадамы

Фото: Ult.kz
Дапанджи тағамы Қазақстанда көптеген мейрамханаларда жасалатын, сұранысқа ие сүйікті тағамға айналған. Қазіргі кезде оны үй жағдайында жасап жейтіндер де көп. Бірақ оны дұрыс жасап, дәмдеуіштерін дұрыс қосып жүрміз бе? Нағыз дапанджиді дайындауды Ult.kz-тің «Дәмді әңгіме» Youtobe жобасында  Қазан мангал мейрамханасының аспазы Абдулла мырза көрсетті.

5 адамға арналған Дапанджидың (Төре табақ тауық еті) жасалу жолы:

Құрамы: 

Өсімдік майы 300 гр
Қант 1 ас қасық
Тауық еті 1 кг 500гр 
Картоп 1кг 200 гр 
Томат 2 ас қасық
Дубанжан дәмдеуіші 1 ас қасық
Дәміне қарай тұз
Ашты бұрыш 2 дана
Бадиан 1 дана
Корица 1 дана
Зімбір 20 гр
Пияз (үлкен) 1 дана
Сарымсақ 3 тал
 Қызанақ 1 дана 
Кинза, сельдерей мен көк пияз 0,5 бумадан
Соя тұздығы 150 гр
Болгар бұрышы (қызыл және жасыл) 200 гр 
Кеспе 600гр

Жасалу әдісі:

1 қадам: Ірі туралған тауық етін суға пісіреміз де, сүзіп аламыз;
2 қадам: Өсімдік майын қыздырамыз;
3 қадам: Қызған майға қант салып, белсенді араластырып тұрамыз; 
4 қадам: Үстіне тауық етін салып, қуырамыз; 
5 қадам: Қазанға картоп салып (ірі көртопты 4 бөлікке бөлген жөн!), тауық етімен бірге қуырамыз;
6 қадам: Дубанжан дәмдеуішін салып қуырып тұрып, томат, дәміне қарай тұз ашты бұрыш, бадиан, корица, зімбір қосамыз;
7 қадам: Пияз бен сарымсақ қосып қуырамыз;
8 қадам: Қызанақ қосып қуырамыз;
9 қадам: Кинза, сельдерей мен көк пиязды қуырып, соя тұздығын құямыз;
10 қадам: Болгар бұрышын салып, қуырамыз;
11 қадам: Қайнаған суға кеспені пісіріп аламыз (езіліп кетпеуі керек!);
12 қадам: Табаққа кеспені салып,   үстінен дайын болған тұздықты саламыз.

Дапанджи тағамы дайын. Ас болсын! 

Дапанджи тағамын жасау жолын және оның шығу тарихының видеонұсқасын сілтемеден өтіп көре аласыз.