07 ақп, 2024 сағат 16:24

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Биылғы жылы Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2024 жылдың наурызында еліміз екі ресми мерекені атап өтеді, олар - 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. 

 Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн қатарынан демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз жұмыс күні, олар 8 және 10 наурыз демалады.

Ал Әз Наурызды еліміз биыл 5 күн демалыспен атап өтетін көрінеді. Яғни 21 мен 25 наурыз аралығында ресми демалыс жарияланған. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 25 наурыз жұмыс күні. Сәйкесінше, олар 21 мен 24 наурыз аралығында демала алады.