28 қар, 2016 сағат 23:01

Назарбаев Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті "Қазақстан" телеарнасының "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламаның Instagram желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының және шоу жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың суреттері пайда болды. 

Бағдарламаның көрсетілімі қай күні берілетіні айтылмаған. 

"Түнгі студияда" - кешкі әзіл бағдарламасы, мұнда қонаққа белгілі саясаткерлер, спорт саңлақтары және шоу-бизнес өкілдері келеді. Бағдарламаның жүргізушілері барлық салада сөз қозғап, қонақпен жеңіл түрде тілдеседі. Сонымен қатар, кеш қонақтары көрермендердің бағдарламаға жіберілген сұрақтарына жауап берді. Бағдарлама аптаның төрт күнінде көрсетіледі. Оның жүргізушісі бұрынғы КВН ойындарының майталманы - Нұрлан Қоянбаев. 

Осыған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігіне және "Россия 24" телеарнасына сұхбат берген болатын.