01 қар, 2022 сағат 12:01

Назарбаев Университетіне бөлінетін қаражат 15 млрд теңгеге дейін қысқарды

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетіне бюджеттен бөлінетінін қаражат биыл қанша млрд теңгеге азайғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Шын мәнінде, Үкімет деңгейінде осындай шешім қабылданды. Осы жылдан бастап енді Назарбаев Университетіне жыл сайын бөлінген қаражатты бюджет есебінен қысқаруы (...) Біз жыл сайын 20-25 млрд теңге қаржыландыру моделіміз болды. Осы жылы 15 млрд теңгеге қысқартылды», - деді Саясат Нұрбек Үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Саясат Нұрбек Назарбаев университеті алдағы уақытта өзін-өзі қаржыландыруы керектігін мәлімдеген еді.