11 мам, 2022 сағат 10:42

Nickelodeon қазақ тілінде көрсетіле бастады


Әлемдік Nickelodeon HD телеарнасының өнімдері қазақ тілінде көрсетіле бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" арнаның сайтына сілтеме жасап.

«Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар», - делінген хабарламада.