09 қыр, 2016 сағат 09:09

Н.Назарбаев қаржы министрiне мемлекет қазынасын молайтуды тапсырды

ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов Ақордада Елбасының төрағалығымен өтiп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында елiмiздiң қаржылық жағдайы туралы есеп бердi, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BNews.kz порталына сілтеме жасап.

«Есептiк кезеңде мемлекеттiк бюджеттiң (трансфертсiз) табысы толығымен орындалды. Жоспардан 25% асты, бұл – 800 млрд теңгеден астам қаражат. 4 трлн теңгеден астам қаржы түстi, бұл өткен жылғы 8 айдан 1,2 трлн теңге, шамамен 40%-ға көп», - дедi министр.

Сондай - ақ, қаржы министрi баяндамасында елiмiзде жүргiзiлiп жатқан Жария ету акциясына тоқталды. 

«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде 2,3 трлн теңге қаржы заңдастырылды. Олардың 800 млрд теңгесi мүлiк болса, 1,5 трлн теңгесi қаражат. Акцияға қатысушылар өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап 1,5 есеге артып, 100 мыңнан асты. Жыл басынан берi Жария ету көлемi 5 есеге артты. Акция аяқталып келеді және біз алдымыздағы төрт айда қатысушылардың жаңа «толқынын» күтеміз», - дедi Б.Сұлтанов.

Елбасы қаржы министрiне Жария ету акциясы бойынша тапсырма бердi.

«Акцияға байланысты ақша көбейгеннен кейiн теңгемен қаржы және салық жинау ауқымы кеңейгенiн айтып отырсың. Бiрақ та салық жинау мәселесiне тереңiрек үңіліп, оның жүйесiн кеңейтiп, әрi қарай жұмыс iстеу керек. Қандай жаңалықтар бар, жекешелендiру қалай өтiп жатыр, жария ету аясында жылжымайтын мүлiктер көбейiп жатыр ма? Соның барлығын зерделеп, мемлекеттiң қазынасын көбейтуге жұмыс iстеу керек», - дедi Елбасы.