20 ақп, 2023 сағат 15:09

Нумеролог Ерке мен Raim қанша уақыт бірге болатынын айтты


Нумеролог Ченнелинг Каролина әнші Райымбек Бақтыгереев пен Ерке Есмаханның қарым-қатынасына талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Нумерологтың сөзінше, бұл жұп бақытты болуға лайық және олар бақытты болады. Олардың қарым-қатынасында үндестік, өзара түсінушілік бар. 

"Екеуі 70 пайыз бір-біріне сәйкес келеді, бір-бірін тапқан. Өмірінің соңына дейін бірге болғылары келеді, бір-біріне шынайы ғашық. Ерке Райымбектің арманындағы ару. Ал Ерке Райымбектің қасында жасарып, өзін кішкентай қыз секілді сезеді. Олар бірге ұзақ өмір сүреді. Бір немесе екі жылдан кейін балалы болады. Ол (Райымбек - еск.) ұлды болғысы келеді. Ессіз ғашық. Оның жүрегін бұған дейін ешқандай ару бұлай елжіреткен емес", - дейді нумеролог.  

Еске салайық, 23 қаңтарда әнші Райымбек Бақтыгереев (Raim) пен Ерке Есмахан неке қидырған болатын. Ал кеше 19 ақпанда Ерке "сырғалым" атанды.