28 шіл, 2021 сағат 11:36

Нұр-Сұлтанда этностар арасындағы мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды



Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі баршаның ортақ парызы. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтанда «Мемлекеттік тіл – этностардың біртұтас қазақстандық қоғамға бірігу факторы» атты кезекті жиынында айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Аталған жиынға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер кеңесінің және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қала кәсіпкерлері қатысты.

«Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі баршаның ортақ парызы,  оған қатысты осы уақыт аралығына дейін тындырымды істердің атқарылды. Мемлекеттік тілдің қолдану аясына байланысты кәсіпкерлік нысандарында талаптарды сақтаудың маңызы да зор. Сондай-ақ, елордадағы Достық үйінен «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубы ашылып, оның барысында елорда этномәдени бірлестіктері өкілдерінің мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып келе жатыр. Нақты айтқанда, олар қазақ тілін ауызекі тілде меңгеруге және қағаз жүзінде жазуға да бар ынта-ықыласымен кіріскен. Сондай-ақ бұл клуб өткізген сабақ барысында қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қатысты мәліметтер кеңінен айтылып, тыңдармандардың зор қызығушылығын туғызды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Осы орайда Достық үйінен ашылған «Парасат» қайырымдылық орталығының да атқарып келе жатқанын тілге тиек ете кеткеніміз жөн. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында мемлекеттік тілді дамытуға баса мән беріле бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастика және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Т.Ермағамбетов атап өтті.

«Мемлекеттік тіл мәселесінде жарнамаға қатысты талаптарды ескеруіміз керек, бұл ретте басқа да тілдерге құрметпен қарау қажет. Сонда мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып қана қоймай, көпұлттың Қазақстанның саясатына да жұмыс істей аламыз. Бұл көптеген халықтың негізгі міндет-мақсаттары болса керек», - деді ол.

Айта кетейік, аталған жиынға Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы А.Рахметова мен «Руханият» КММ басшысының міндетін атқарушы Г.Камашева мемлекеттік тілге қатысты толғамды пікірлерін айтты.

«Мемлекеттік тіл турасынла көптеген мәселелер бар екен рас. Алайда тілді көтеру, мемлекеттік деңгейін айқындау өзімізге байланысты. Кәсіпкерлік саласында да қазақ тілінің жағдайы кейде дұрыс қолданылмай қалып жатады. Кәсіпкерлердің біраз бөліліг ресми тілдле сөйлеп, ресми тілде ғана қызмет көрсетеді. Мемлекеттік тілдің кәсіп саласында өркендеуі үшін өзімізден бастағанымыз жөн. Мәселен, бір ғана жарнамадағы тіл мәселесіне көңіл бөлетін болсақ, біршама шаруаны оңынан шешкен болар едік. Әріптестерімді осы іске жұмыла кірісуге шақырамын», -  деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы А.Рахметова.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтанда «Мемлекеттік тіл – этностардың біртұтас қазақстандық қоғамға бірігу факторы» атты кезекті жиынында Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі баршаның ортақ парызы екенін айтқан болатын. Аталған жиынға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер кеңесінің және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қала кәсіпкерлері қатысты.