20 қаз, 2022 сағат 18:58

Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

© Sputnik / Абзал Калиев

Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Ол сайлауға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың қолдауына 15 өңірден 120 908 азаматтың қолы жиналған. Олардың барлығы тексеріліп, 119 197-сі рас деп танылды. Яғни қол жинаудың қажетті саны қамтамасыз етілді", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.

ОСК талабына сәйкес кандидат кем дегенде 118 273 қол жинауға тиіс.

Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты барлық талапқа сай деп танып, оны кандидат ретінде ресми түрде тіркеді.

Президенттікке үміткер ретінде барлығы алты адам тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев.

Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында туған. Партияның астаналық филилын басқарады. Жоғары білімі бар, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы әкімдіктерде түрлі лауазымдарды атқарды.

ЖСДП – Қазақстандағы оппозициялық саяси партия. 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған.

Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.