23 мау, 2017 сағат 10:33

Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы барысында Елбасының кандидатурасы қауымдастық төрағалығына қайта ұсынылды. Қауымдастықтың төралқа мүшелері Н.Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

"Маған сенім білдіргендеріңіз үшін баршаңызға рахмет. Бұл менің істеп жүрген жұмысым", - деп атап өткен Мемлекет басшысы, сенім артқан төралқа мүшелеріне алғысын айтты.