13 там, 2016 сағат 18:09

Ольга Рыпакова финалға шықты

"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ұзындыққа үш қарғып секіруден сайысқа түскен Ольга Рыпакова «А» іріктеу тобынан шықты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жерлесеміз 14,39 метрге секіріп, финалға өтті. Енді, ол үш қарғып секіруден ақтық сайыста Олимпиада медалі үшін бағын сынайды.

Айта кетейік, ақтық сайыс 15 тамызда Астана уақытымен 5:55-те басталады.

Ұлт порталы