28 қыр, 2022 сағат 15:58

Оралда құрылыс бөлімінің басшысы ірі көлемде пара сұрағаны үшін сотталып кетті


Оралдағы мамандандырылған ауданаралық сотта 46 жастағы Арман Өксікбаевқа сот үкімі шықты. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы аса ірі көлемде, атап айтар болсақ, 130 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны үшін сотталды. 

Сот Өксікбаевты 11 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластату туралы шешім қабылдады. 

Сондай-ақ, “Сырласу” ЖШС жүргізушісі Александр Нагметов шенеунікке көмектескені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. 

Сотталушылар жазасын қылмыстық-түзету мекемесінде өтейді.