04 мау, 2025 сағат 18:30

Польша дипломаты: «Мен қазақша сөйлешникпін»


Фото: Википедия

Польша елшілігінің уақытша өкілі Михал Лабенда «мен қазақша сөйлешникпін» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Михал Лабенда қазақ тілін жетік меңгерген. Ол өзінің анасы қазақ-араб тілдерінен аудармашы екенін айтады. Сондай-ақ Лабенда қазақ тілінде дәріс оқып, кез келген қарымқатынасты қазақ тілінде жүргізе алады. Әлеуметтік желідегі парақшасын қазақ тілінде жүргізіп жүрген Польша дипломаты «мен қазақша сөйлешникпін» деп мәлімдеді.

«Иә, мен қазақшасөйлешникпын - көбінде қазақша сөйлесіп жүрмін және менімен қазақша сөйлессең, риза боламын», - дейді ол әлеуметтік желіде.


Естеріңізге салсақ, заңгер Ержан Есімхан қазақ тілінде сөйлейтіндерді «қазақшасөйлешники» деп келеке етіп Threads әлеуметтік желісіне жазба жариялаған. Оған әлеуметтік желі қолданушыларының көбі наразы болып, қазақша сөйлейтіндерін мақтан тұтатындарын жазды.