05 мау, 2022 сағат 18:44

Референдумда 7,5 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді


Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі аладын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 65,04 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 миллион 624 мың 641 қазақстандық дауыс берді.

"Орталық референдум комиссиясының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәлімет бойынша, астана уақытымен сағат 18.00-де тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 пайызы сайлау бюллетендерін алды", - деді Өтемісов.

Еске салайық, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.