02 сәу, 2024 сағат 22:36

Ресей Татарстанға дрон соққысы Қазақстан аумағынан жасалған деп айыптады


Ресей Татарстанға дрон соққысы Қазақстан аумағынан жасалған деген айыптауға Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жауап берді.

"Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген мәлімдемеде.


Сондай-ақ, мұндай жалған мәлімет ҚР беделін түсіруге бағытталғаны айтылады. 

"Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - делінген хабарда.


Айта кетейік, министрліктің Telegram-каналдарда тараған қауесет деп отырғаны ресейлік генерал Андрей Гурулевтің сөзі. Ол бүгін Татарстанға жасалған соққылар "Орта Азия республикаларынан" ұшып келуі мүмкін деп болжамын айтқан.