27 жел, 2016 сағат 14:42

Ресей: Ту-154 ұшағының «қара жәшігі» табылды

-  Жексенбі күні Сириядағы ресейлік базаға бет алып, Сочиден ұшып шыққан соң Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының негізгі «қара жәшігі» табылды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Таяу сағаттарда оны Мәскеу маңындағы РФ ҚМ ӘӘК орталық ғылыми-зерттеу институтына апарады.

«Апат аумағы түні бойы тоқтаусыз тексерілді. Ұшақ құлаған жерді егжей-тегжейлі барлауға негізгі күш жұмылдырылды. Мәскеу уақыты бойынша  5.42-де жағалаудан 1600 метр қашықта 17 метр тереңдіктен «Фалкон» аппаратымен борттың «қара жәшігі» табылды», - делінген әскери ведомство хабарламасында.

Бұдан басқа, сейсенбідегі таңертеңгі деректерге сәйкес апатта қаза тапқан 12 адамның денесі, 156 дене бөлшектері, ұшақтың фюзеляж және қозғалтқыш бөлігі табылды.

Ту-154 ұшағы Чкаловский айлағынан Сирияға бет алған. Сочиге қонып, жанармай толтырып, жексенбі таңертең апатқа ұшырады.