06 қыр, 2023 сағат 09:34

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - синоптиктер

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 7-9 қыркүйекте ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 8-9 қыркүйекте елдің солтүстік-батыысында, 9 қыркүйекте солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.

"Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болжанады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасының біртіндеп 18-25 градус жылыға дейін көтерілуі күтіліп отыр, ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градус жылыға дейін төмендейді. Сондай-ақ елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде 22-30 градус жылы болады" - делінген хабарламада.