14 ақп, 2024 сағат 17:27

Режиссер Қуаныш Бейсеков "Қазақфильм" басшысының кеңесшісі болды


Фото: instagram.com/kukabeisek


"Ирина Кайратовна" тобы бейнебаяндарының бұрынғы бас режиссері Қуаныш Бейсеков "Қазақфильм" президенті Азамат Сатыбалдының кеңесшісі болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  Tengrinews.kzке сілтеме жасап.


Бұл туралы Азамат Сатыбалды Instagram-парақшасында хабарлады.


"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар", - деп жазды ол.