
Ватикан мемлекеттік хатшысы кардинал Пьетро Паролин Рим папасы Францисктің атынан Алматыдағы ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vatican News газетіне сілтеме жасап.
«Жақында Алматыда болған ұшақ апаты туралы білгеннен кейін, Қасиетті Папа Франциск осы қайғылы жағдайдың салдарынан зардап шеккендердің барлығына көңіл айтады», - делінген басылымда шыққан жеделхатта.
«Ол қаза болғандардың рухтарының мәңгілік тыныштық табуы және зардап шеккендердің жазылып кетуі үшін дұға етеді. Аса Қасиетті Папа Құдіреті күшті Құдайдан барлық адамдар үшін, әсіресе құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдарға күш-қуат беруді және бейбітшілік сыйлауды сұрайды», - деп жазған жеделхатта.
