Фото: видеодан скриншот
Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлеріне тағы да баспана тарту етіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл қуанышты жаңалықты блогер Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Кәсіпкер Шымкент сыра қайнату зауытының 50 жылдық мерейтойына орай, онда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қызметкерлерін ерекше құрметпен марапаттады. Атап айтқанда, 46 жылын осы кәсіпорынға арнаған жұмысшыларға 50 пәтер сыйға берілді.
Желіде тараған бейнежазбада Тұрсынғали Алагөзов бұл күннің өзі үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өмірінде қаржылық қиындықтарды бастан өткерген сәттері де болған. Кәсіпкер үш жыл бұрын айына небәрі 200 мың теңге табыс тауып, күнделікті шығынын есептеп өмір сүргенін еске алды.
Сондай-ақ ол сол кезеңде пәтерінен айырылып қалу қаупімен бетпе-бет келгенін жеткізді. Күн сайын баспанасыз қалам ба деген алаңдаушылықпен өмір сүргенін жасырмады.
Кәсіпкердің айтуынша, дәл сол қиын кезеңде оған адамдарға қолдау көрсетудің маңызын терең түсінген. Кейін жағдайы түзелген соң, ол өзіне берген уәдесін орындап, айналасындағы жандарға көмектесуді басты мақсаттарының біріне айналдырған.
"Сол кезде өзіме уәде бердім: егер бизнесімді қайта қалпына келтіре алсам, адамдарға көмектесемін дедім. Сондықтан бүгін осында отырған баршаңызға жеке өз атымнан пәтер сыйлағым келеді", – деді ол.
Бүгінде мүмкіндігі артқан тұста Тұрсынғали Алагөзов әріптестеріне баспана сыйлауды азаматтық парызым деп санайтынын айтып, олардың еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.
