10 сәу, 2024 сағат 18:48

Рим Папасы тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырды


Рим Папасы Франциск 10 сәуірде Ватикандағы жалпы аудиторияда су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді. Католик шіркеуінің басшысы қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Vatican News хабарлағандай, Рим Папасы католиктерден Қазақстанда су апатынан зардап шеккендер үшін дұға етуді сұрады. Ол Қазақстанға 2022 жылдың қыркүйегінде барғанын еске алды. Республика халқы оған "рухани жақын" екенін айтты.

"Мен әрқайсыңыздан осы табиғи апаттың салдарынан зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырамын", — деді Рим Папасы Франциск.


Соңғы 70 жылдағы ең ауыр су тасқыны салдарынан Қазақстанда 90 мыңға жуық адам эвакуацияланды.