19 шіл, 2022 сағат 10:49

РХБ қазіргі заманауи үлгілермен толық қамтамасыз етілген – Нұрлан Абуов

 


Биыл радиациялық-химиялық биологиялық Қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай ҚР Қарулы күштері Бас штабы радиациялық-химиялық биологиялық Қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің аға-офицері Абуов Нұрлан Базарұлы осы әскер түрінің құрылу кезеңдері, дамуы мен жетістіктері туралы әңгімелеп берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

ҚР қарулы күштері радиациялық-химиялық биологиялық Қорғаныс әскерлерінің тарихы 1992 жылы 2 шілдеде бірінші Қорғаныс министрінің шешімімен басталған. Құрлық әскерлері құрамына бұрынғы КСРО-ның Қазақстан аумағында орналасқан әскери бөлімдері мен мекемелері кірген.

«РХБ қорғау әскерлері атауын өзгерткен химиялық қорғау әскерлері бірлестіктері мен бөлімдері кірді. Негізі олар РХБ қорғау қару-жарақ пен құралдар қоймалары болған. Кейінгі жылдары РХБ қорғау әскерлері заманауи қауіп-қатерлерге байланысты трансформация өтіп, соның нәтижесінде қазіргі заманғы жағдайларда соғыс және бейбіт уақытында жүктелген міндеттерді орындай алатын, құрал-жабдықтармен жабдықталған және саны жағынан ықшамды әскери бөлімдер мен бөлімшелер болып табылады. Осы күнге өзіне ұйымдастырушылық жағынан Бас әскери органдар, Орталық бағынысты бөлімдер және бірлестіктер мен әскери бөлімдердің РХБ қорғау әскери бөлімдері бөлімшелерін қосатын РХБ қорғау әскерлерінің оңтайлы құрылымы қалыптастырылған. Бұл бөлімшелер әртүрлі оқу-жаттығу және мақсаты бойынша міндеттемелерді орындау кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен. РХБ қорғаудың қару-жарағы мен қазіргі заманауи үлгілермен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта РХБ қорғау әскерлері – бұл жауынгерлік қамтамасыз ететін әскер түрлерінің бірден-бірі. Өзіне ұйымдастырушылық жағынан әскери бас органдары, орталық бағынысты бөлімдер және бірлестіктер мен әскери бөлімдерінің сапындағы РҚБ қорғау әскерлерінің бөлімдері бөлімшелерін қосатын РҚБ қорғау әскерлерінің оңтайлы құрылымы қалыптастырылған», – дейді Нұрлан Базарұлы.

Оның айтуынша, бұл бөлімшелер әртүрлі оқу-жаттығу және мақсаты бойынша міндеттемелерді орындау кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен. Сондықтан ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Шанхай ынтымақтастық ұйымы және химиялық қаруға тыйым салу халықаралық ұйымы шеңберінде өткізілетін барлық халықаралық және ведомствоаралық оқу-жаттығуларына белсене қатысатын бөлімшелерді атап өтуге болады. Осы бөлімшелерсіз ешқандай оқу-жаттығу өткізілмейді. Бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

«Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында өткізілген ҚР барлық күштік мемлекеттік органдарының күштері мен құралдары тартылған «Батыл тойтарыс-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы осының жарқын мысалы болып табылады.

РХБ қорғау міндеттері Төтенше жағдай және Ішкі істер министрлігі жергілікті атқару органдары мен тығыз өзара іс-қимылды пысықтауды атап өтуге болады. Қазіргі таңда РҚБ Қорғау бөлімшелері мен бөлімдері қазіргі заманауи қауіп-қатер спектрін ескеріп, сұранысқа өте ие.

РХБ қорғау әскерлеріне ковид басылғанымен, бірақ бізге тыныштық болған жоқ. мысалы, 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен биологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етуге сол атауға сәйкес ҚР Заңын әзірлеп, қабылдау туралы тапсырмасы болған. Соған байланысты біздің департамент РХБ қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің өкілі бірқатар мемлекеттік органдарымен қосылып, сол міндетті орындап шықты. Ковид инфекциясы сейілгенімен, әлемнің түкпір-түкпірінде басқа да инфекциялық аурулар туындауда. Оның барлығына біздің тарапынан жітік назар аударылды. Мысалы, жақында бірқатар мемлекеттерде маймыл шешегі сияқты індет таралу үстінде. Сонымен қатар, одан да басқа патагендік-биологиялық агенттер жаппай тарату қауіпі күнделікті қаупі бар. РҚБ Қорғау әскерлері үшін тыныштық кезеңдер әлі де орнатылмаған деп айтуға болады», – дейді Нұрлан Абуов.

Осы орайда ҚР Қарулы күштері Бас штабы радиациялық-химиялық биологиялық Қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің аға-офицері Құрлық әскерлері әскери институтында РХБ мамандарының алғашқы түлектері өздерін қалай көрсетіп жүргенін әңгімеледі.

«РХБ қорғау әскерлерінің кадрларын қорғау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырылады. Соңғы жылдары Алматы қаласында орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери институтында РҚБ Қорғау әскерлерінің офицерлерін офицерлік кадрларын даярлау қолға алынған. Мәселен, 2021 жылы ҚР аумағында алғаш рет осы маманның офицерлері әзірленіп, түлек болып ұшты. Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы запастағы офицерлерді бізде Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында даярланып келді. Және соңғы бір-екі жылдың ішінде Қарағанды мемлекеттік университетінде әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау басталды. Жаңадан қатарға қосылған офицерлерді әдеттегідей бастапқы әскери лауазымдарға, яғни взвод командирлері лауазымдарына үлестірілді. Және бірінші бір жыл өтті деуге болады, ешқандай командирлер тарапынан біз сөгіс немесе бір оғаш сөз естімедік.

Ал радиациялық-химиялық биологиялық Қорғаныс әскерлерінің алдағы даму перспективалары РХБ Қорғау әскери мамандарының жауынгерлік және арнайы даярлау әдістері мен тәсілдерін одан ары жетілдіру. Ал кейбір бағыттар бойынша, шетелдердің қарулы күштерінің тәжірибесіне біздің қызығушылығымыз бар. Сондай-ақ отандық Қорғаныс өнеркәсіптік кешенмен өзара әрекеттесуді күшейтуді қарастырамыз. Бұл мәселеде әлі даму мүмкіндіктері бар. РХБ Қорғау құралдары мен қару-жарағын құру, жаңғырту бойынша бірқатар перспективалы идеялар бар. Бұдан басқа, ҚР қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының елдің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді төмендету және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі тапсырмаларына сәйкес ҚР басқа да мемлекеттік органдарымен тығыз жұмыс істейтін боламыз», – дейді Нұрлан Абуов.