26 қар, 2022 сағат 13:10

Сенат депутаттарының сайлауы 14 қаңтарда өтеді


Сенат депутаттарының сайлауы 2023 жылдың 14 қаңтарда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген құжатта.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сенат сайлауында заңға сәйкес, азаматтар емес, Мәслихат депутаттары дауыс береді.

Мемлекет басшысы бүгін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңаратынын айтқан болатын.