03 ақп, 2026 сағат 15:34

Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды


Фото: Gov.kz


Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.


«Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», - делінген министрлік хабарламасында.


Еске сала кетейік, ол бұрын атқарған Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы қызметінен резонанс тудырған оқиғадан кейін кеткен еді.