22 мау, 2022 сағат 20:30

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды - ҰҚК


Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.